Қазақстандағы АҚШ елшігі мен "Меридиан" халықаралық орталығы бірлесе отырып, Орталық Азия музей мамандарына арналған тәжірибе алмасу бағдарламасын ұйымдастырды. Бағдарламаға Қазақстан бойынша 5 маман іріктеліп алынды. Сол қатарда , Шымкент қалалық "Саяси қуғын сүргін құрбандары" музейінің директоры Асқарова Мария Келесқызы іріктеліп алынып, қатысушылармен бірге 04 -23.03.2024 ж. күндері аралығында Америка Құрама Штаттарының үш штатының төрт қаласында орналасқан музейлер мен мәдени орындарда тәжірибе алмасып қайтты.