Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін музейінде американдық дипломат, Қазақстан мен Өзбекстан Респубикаларындағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм мырза мен жұбайы Шарон Ваксман ханым, АҚШ-тың Бас консулы Мишель Еркин және елшіліктің қызметкерлері қонақта болды. Қадірменді қонақтар музейдің жаңғыртылған жаңа экспозиция залдарымен танысып, қазақ халқының зұлмат жылдары жайында тарихи-танымдық экскурсияны мұқият тыңдады. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың музей қорында сақтаулы тұрған жеке іс-папкаларына қызығушылық білдіріп, танысты. Қонақтарымыз өз тараптарынан музей экспозициясына қатысты ұсыныстар білдіріп, пікір алмасты. Сондай-ақ, музей қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, ерекше сый құрмет көрсетілді. Экскурсия соңында музейдің қызметін жоғары бағалап, музейге келушілердің пікір кітабына ыстық лебіздерін білдіріп, естелік жазба қалдырды.