"Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі" МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

«Ерлік музейі» 2012 жылдың желтоқсан айында ашылды. 2013 жылы 19 шілдеде №85 бұйрықпен облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы «Ерлік» музейі болып бекітілді. Шымкент шаһарының «Жеңіс» саябағынан ашылған «Ерлік» музейі 493, 91 шаршы метр аумақта орналасқан, негізгі жәдігерлер орналасқан экспозиция залы 254,8 шаршы метр көлемді алыптұр.

«Ерлік» музейінің экспозициясын кеңейту мақсатында жоспарланып (2018 жыл) қосымша ғимарат салынды. Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын Түркістан облысының әкімдігінің №270 2021 жылғы 9 желтоқсандағы және Шымкент қалалық әкімдігінің № 362, 2022 жылғы 3 наурыз айындағы қаулылары негізінде, Түркістан облысының коммуналдық меншігінен Шымкент қалалық коммуналдық меншігіне берілді. 2018 жылдың санағы бойынша Еңбекші ауданында 307 мыңнан астамадам саны тіркелген.

«Азаматтарға арналған үкіметі мемлекеттік коорпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалына 29.03.2022 №Е 0022232454785 құжат негізінде, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі меншігіне тіркелді.

Облыстық және қалалық қаулылары негізінде 29 наурыз 2022 жылы «Түркістан облыстық тарихи – өлкетану музейі» балансынан Ерлік музейінің ғимаратымен мүліктері қабылдау актісі бойынша, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі балансына қабылданды. 2024 жылы қараша айында «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК болып құрылды.

«Ерлік» музейі 5 залдан тұрады:

  1. Ұлы Отан соғысына арналған.
  2. Ауған соғысының тарихын баяндайды.
  3. Тыл еңбеккерлерінің өміріне арналған.
  4. Желтоқсан, Семей, Қарабах ардагерлеріне арналған.
  5. Егемен Қазақстан.

Аталған залдарда ардагерлердің жәдігерлері, яғни орден-медальдары, түрлі марапаттары мен куәліктері, фотосуреттері мен құжаттары. Қазіргі таңда жыл көлемінде музей қорында 984экспонат жинақталды. Жалпы экспонаттардың саны 5417.

Музей қорын толықтыру мақсатында қалалық, облыстық архив, музейлермен байланысып, жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, «Ерлік музейі» Ұлы Отан соғысының ұрпақтарымен тығыз байланыста. Музей Қоғамдық Бірлестігінің ардагерлерімен бірлесіп жұмыстар жүргізеді және көптеген іс-шарлар өткізеді.

Ұлы Отан соғысы ардагерлердің мерейтойларын атап өту мақсатында іс-шаралар, лекциялар, көрмелер, дөңгелек үстелдер тұрақты өткізіліп тұрады. Іс-шаралар республикалық, облыстық, қалалық деңгейде өткізіліп, оларды насихаттау мақсатында БАҚ-мен тығыз байланыс жасайды.

Почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Instagram:erlik_museum

Facebook: Ерлік Музейі

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі – жұма 9:00-18:00

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы

Тауке хан даңғылы 228 А