«Ленин» атындағы колхоз кеңсесі ғимараты болып, 1968 жылы колхоз төрағасы О.Жамаловтың бұйрығымен (колхоз қаржысына) салынды. Ғимарат архитекторы Н.Хаджиханов еді. Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып, Сайрам тарихи-өлкетану музейі. 1992 жылы сәуір айында тарихшы, профессор М.Мирхалдаровтың бастамасымен ашылды. Сайрам музейінің дамуына, өсуіне тарихшы, профессор М.Мирхалдаровтың қосқан үлесі көп болды. Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып, Сайрам тарихи-өлкетану музейі 2018 жылы ауыстырылды.
Сайрам елді мекені Шымкентқаласының аумағына қосылуына байланысты «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің теңгеріміне 2022 жылдың 5-наурызынан берілді.
«Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету (Сайрам тарихы, археология және этнография) бөлімі ретінде 2023 жылдың 4-қаңтарынан қызметін атқарды.
2024 жылдың қараша айынан«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының«Сайрам музейі» бөлімі болып қызмет атқарып отыр.
Музейдің жалпы көлемі 800 шаршы метрді құрайтын 2 қабатты ғимаратта орналасқан, оның ішінде экспозиция 360 шаршы метр, қор қоймасы 40 шаршы метр жерді алып отыр. 2006-2008 жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Музей экспозициясы 10 залдан тұрады:
- «Археология» экспозициялық залы
- «Қазақ этнографиясы» экспозициялық залы
- «Исфиджаб қаласының шаруашылығы» экспозициялық залы
- «Екінші дүниежүзілік соғысы» экспозициялық залы
- «Қоныс аударған славяндардың тұрмысы» экспозициялық залы
- «Өзбек этнографиясы» экспозициялық залы
- «Тәуелсіздік» экспозициялық залы
- «Еңбек ардагерлері» экспозициялық залы
- «Табиғат» экспозициялық залы
- «Тарихи-орындар» экспозициялық залы
Музей қорында 9 мыңға жуық жәдігер бар. Музей қорын толықтыру мақсатында аудандық, қалалық, облыстық архив, музейлермен байланысып, жұмыстар жүргізеді. «Менің туған өлкем» тақырыбындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бағытында сансыз баптар мекені – Сайрам туралы мәліметтер, ғылыми деректержинақталады.
Instagram: sairam_museum
Эл. почта:
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-сенбі09:00-18:00
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы,
Сайрам тұрғын алабы, Ибрагим ата көшесі120