Ескі қалашық – Шымкент тарихын айшықтайтын, тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық нысан. Ескі қалашықтың көлемі - 4,5 га. Кешен қазіргі мегаполистің оңтүстік бөлігінде, қала деңгейінен биік орналасқан. 2021 жылы 1-мамырда «Шым қала» тарихи - мәдени кешені келушілерге өз есігін айқара ашты. Бүгінгі таңда көне қала тарихын зерттеу үшін үздіксіз археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Тарих ғылымдарының докторы, архелог, ҚР ҰҒА академигі Бауыржан Әбішұлы Байтанаев сол зерттеулерінің негізінде 2012 жылы «История Шымкента» атты көлемді ғылыми еңбек жазып шығарды. Ол басқарған экспедиция 2003-2004 жылдардағы қазба нәтижесінде қаланың 2200 жылдық тарихы 2019 жылы ЮНЕСКО көлемінде мойындалып, Халықаралық іс-шаралардың тізіміне кірді.
Ортағасырда қала үш бөліктен тұрған: Цитадель, Шахристан және Рабат. Аталған құрылым бөліктері 1500 жылдай уақыт сақталған.
Рабат– шахристаннантыс жерде орналасқан қала маңындағы қарапайым халық тұратын елді мекен. Шахристан - Иран сөзінен «шахр» - «қала», «стан» - «орын» деген сөзді білдіреді. Орта Азиядағы ерте феодалдық қаланың аумағы.
Ал, цитадель (орда) – қаланың қамалмен қоршалған бекіністі орталық бөлігі. Онда патша сарайы және әкімшілік басқару орындары, қала билеушісінің үйлері орналасқан.
X-XII ғғ. тұрғын жайлар кешенінде бірнеше бөлмелерден тұратын Шахристанның оңтүстік бөлігінде орналасқан ас үй сыпасы мен ошақ, закромасы бар құрылыс кешені табылды. Бөлме едендеріне күйдірілген кірпіш төселген.
XVI-XYIII ғғ. тұрғын жайлар кешені. Тұрғын бөлмелері саз кірпіштен немесе шахсадан тұрғызылған. Бөлмелер сыпасы бар тандыр пештермен жылытылған. Едендері сыланып, әр үйдің немесе бөлменің шыға берісінде ташнау болған(Ташнау қалдық су төгетін саңлау). Сонымен қатар, Шахристан аумағынан 1,5-2 м көлемінде сүйек жолдары аршылған. Жол төрт түлік мал сүйектері және керамика қалдықтарымен араласып төселінген.
Ұстахана және ұста баспанасы
2020 жылғы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде батыс Шахристан аумағынан темір бұйымдар табылып, мұнда ұстахана болғандығы анықталды. Музейлендіру жұмыстарына сәйкес XVII-XVIII ғғ. тиесілі ұстахана және ұста баспанасы жасалынды. Ата-бабаларымыз түрлі шикізат пайдалана отырып, тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, сан-алуан әсемдік әшекейлерді,қару-жарақтарды жасаған. Ұсталық кәсіпті «киелі өнер», ал ұстахананы «киелі орын» деп санаған. Ұстагершілік әкеден балаға мұра болып қалып отырған.
Б.д.д II-IY ғғ. ғибадатханасы
Ғибадатхана жіңішке ұзын дәлізі бар үлкен бөлмеден тұрады. Бөлменің ішінде жиырмадан астам хұм, хұмшалардың сынықтары, сонымен қатар тандыр ошақтары бар екі бөлме табылған. Ғибадатханада зороастризмге байланысты әдет-ғұрыптардың белгілері табылған.
«Цитадель» экспозиция залы
Цитадель - қорғанның бекініс құрылыстармен қоршалған орталық бөлігі. Ортағасырлық қалалардың ішінен тұрғызылатын бекініс құрылысы. Билеуші сарайы, әкімшілік және діни ғимараттар осы цитадельдің ортаңғы өзегін құрайды.
Жасақталған экспозиция залдары:
-Шымкент артефактілері;
-Салт-дәстүр және әдет-ғұрыптар;
-Көне Шымкент тұрғындарының өмірі мен тұрмысы;
-Оңтүстік Цитадель.
Жер асты экспозиция залы
Қамалдың қорғаныс қабырғасына жапсарлас салынған шығыс мұнарасының өзіндік тарихы сақталған. Бұл жаугершілік заманда қала халқына қауіп төнген жағдайда жаудан қорғану қызметін атқарған, жерасты бекінісі болған.
Жасақталған экспозиция залдары:
- Құтқару сатысы;
- Бақыт галереясы;
- Өмір жолы.
Байланыстар
Instagram: shymkentmuseums
Fecebook: Шымкент қалалық музейлер бірлестігі
TikTok: qamal_shymkent
Эл. почта:
Жұмыс уақыты: Сейсенбі-жексенбі 09:00-18:00
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Әйтеке би 30/29