12 желтоқсан - Алаш автономиясының құрылған күніне орай музейде «Алаш туы астында» атты іс-шара өтті. Іс-шара пікірсайыс форматында ұйымдастырылды. Шараға «Шымкент қалалық білім басқармасына» қарасты нөмірі 23 мектеп-лицейі мен «JOO High School» ЖШС мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның алдында оқушылар музей экспозициясымен танысып, шолу экскурсиясын тыңдады. Музейден алған әсерлерін пікірсайыс арқылы жалғастырды. Пікірсайысқа негіз болған тақырып - «Алаш үкіметінің үздік жобасы». Оқушылар өздерінің білімдерін дәлелдеп, өз жобаларын жоғары деңгейде қорғап шықты. Іс-шара аяқталған соң, пікірсайысқа қатысқан оқушылар мен жетекші мұғалімдері музей директорының алғыс хатымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.