Шымкент қалалық саяси қуғын - сүргін құрбандары музейінің ұжымы, жалпы музей қызметін жинақтауда, тарихи - мәдени мұраны насихаттау, туристтик тартымдылықты арттыру, келушілерді тарту, білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнату және т.б.мәселелерді қарастырып, әдістемелік көмек алу және тәжірибе алмасу мақсатында Тараз қаласындағы "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи - мәдени қорық - музейіне іс - сапармен барып барды.
Сапар барысында, музей ұжымы республикалық қорық - музейдің қарамағындағы тарихи - мәдени мұра нысандары:
"Айша бибі", "Бабажа қатын", "Қарахан" кесенелерімен, "Көне Тараз" археологиялық саябақ кешенімен танысты.