Музейде мемлекет және қоғам қайраткері, аудармашы, ұстаз, публицист, редактор Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған “Халық комиссары - Темірбек” атты іс-шара болып өтті. Іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің студенттері қатысты. Қонақтар Темірбек Жүргеновтың өмірі мен қызметіне арналған көрмемен танысып, қайраткерге арналған деректі фильм тамашалады. Іс-шараның модераторы, музей директорының орынбасары Г. Серікбай Темірбек Жүргенов тақырыбында көптеген ақпараттар айтқан болса, музейдің экскурсия жүргізушісі А. Сабырхан қайраткердің аяулы жары - Дәмеш Жүргенованың өмірі жайлы баяндама оқыды. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры, т.ғ.д, профессор Сейдехан Нұрмаханұлы мен аталған оқу орнының оқытушысы Досыбай Нұрлыбек шақырылды. Қонақтарымыз Темірбек Жүргеновтың өмірінен қызықты мәліметтер айтып, шарадан алған әсерлерімен бөлісті.