28 желтоқсан күні Көрме орталығында Мәдениет саласының қызметкерлерін марапаттау кеші болып өтті. Мерекелік басқосуда бүгіндері қаламыздың мәдениет саласындағы 21 мекемеде 2000-ға жуық маман ұлттың рухани және мәдени интеллектуалдық деңгейін көтеруге, халқымыздың салт-дәстүрлерін сақтауда бар күш-жігерлерін жұмылдырып қызмет етіп жатқан майталмандарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі және Құрмет грамоталары табысталды.
Мерекелік іс-шарада Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің кассир маманы Досымбетова Гүлжахан Тасболатқызы Мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі қажырлы қызметі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Балаеваның «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Құрмет грамотасын Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және арзивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев мырза табыстады.