"Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі" МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің мәдениет саласының дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың арасында өткізілген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ 100 ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ» атты республикалық байқауында жеңімпаз атанған Шымкент қалалық саяси қуғын – сүргін құрбандары музейінің кіші ғылыми қызметкері ОМАР ГҮЛЗИРА БАУЫРЖАНҚЫЗЫН марапатымен құттықтаймыз!

Өз мамандығын жете меңгерген, ортаңызда сыйлы, еңбекте абыройлы маман болып, биік белестерді бағындыруыңызға тілектеспіз!