Шымкентте «Мерейлі отбасы» ұлттық жобасының екінші кезеңі мәресіне жетті. Оған ынтымағы мен татулығы жарысып, көпке үлгі болып жүрген 200-ге тарта отбасы қатысып, көптің ортасынан үздіктері әйгіленді. Музей қызметкері Пердебаева Гүлия аталған шараға өз отбасымен қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде, үздіктердің қатарында марапатқа ие болды. Әріптесімізді марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, отбасына амандық пен бақ - береке тілейміз!