18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне арналған
«Музейлер – халық мұрасының ошағы» атты іс-шара өтті
«Музейлер –халық мұрасының ошағы» атты көрме жасақталып, келуші қонақтар назарына ұсынылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желі оқырмандар арасында «Жас мобилограф» байқауы, музей қонақтарымен «Квест» ойыны өткізілді. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры іс-шарамызға қолдау көрсетіп, музей қонақтарына «Ахмет» атты театрландырылған қойылым көрсетті. Шара соңында Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің директоры М.К.Асқарова байқау жеңімпаздарын жүлделі орындарымен құттықтап, музей ұжымы атынан арнайы сыйлықтар табыстады. Атап айтқанда: «Үздік мобилограф байқауының 1 орын иегері Нұрсая Еділбайқызына Алаш партиясының суреті бейнеленген ақ түсті футболка мен үлкен құлаққап, 2 орын иегері Мырзан Жаснұрға футболка және монопад, ал 3 орын иегері Дәмелі Ерденбекқызына футболка мен сымсыз құлаққап сыйға берілді. Басқа қатысушыларға ынталандыру сыйлық ретінде су ішуге арналған бөтелке табысталды. Квест ойынының 2 орын иегерлері «Орда» тобына Алаш партиясының суреті бейнеленген ақ түсті футболка берілсе, жеңімпаздар атанған «Алаш» тобына футболка мен су ішуге арналған бөтелке табысталды. Сондай-ақ, ұстаздар мен оқушыларды, музей ұжымын 18 мамыр – Халықаралық музейлер күнімен құттықтай отырып, алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, іс-шара қонақтары музей ұжымын кәсіби мерекемен құттықтай отырып, ыстық лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі. Іс-шараның соңғы бағдарламасы бойынша қонақтарға экскурсия шаммен жүргізілді.
«Ашық есік» күнін 674 адам қамтыды. Мерекеге байланысты музейге кіру тегін болды.