"Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі" МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

Саяси қуғын-сүргін құрбаны Есжанов Боранбайдың қыздары Аян және Аят Боранбайқыздары және Қожамұратов Ілиястың ұрпағы Момына Гүлбахира барлық ұрпақтардың атынан музейге арнайы келіп, қызметкерлермен музей ауласына ағаш отырғызды. Ұрпақтардың айтуынша қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларының өмірін баяндайтын мекеменің көркеюіне атсалысу - олар үшін ерекше қуаныш!

Музей ұжымының атынан шараға атсалысқан барлық қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарына рахмет айта отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!