Қазақ елі – түркі тілдес елдерінің қара шаңырағы. Осыған орай, түркі тілдес халықтардың достастығын нығайтып, берік қылу мақсатында Түркия елінің «Тарих» телеарнасы түркі тілдес елдердің тарихы мен мәдениетіне арналған деректі тарихи фильмдер түсірілімін Қазақстанда жалғастырып жатыр. Телеарна ұжымы Шымкент қаласына табан тіреп, музейде арнайы түсірілім жасады. Түсірім барысында музейдің директоры М. Асқарова музейдің атқарып жатқан жұмысымен таныстырса, музейдің экскурсия жүргізушісі Д. Дали Алаш зиялылары А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Шоқайға тереңірек тоқсталып, ақпарат беріп фильм түсіріліміне үлкен үлестерін қосты.