Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін музейінде Жүсіпбек Аймауытұлының туған інісі Жақыпбектің немересі, медицина ғылымдарының докторы Искаков Бауыржан Самықұлы мен тарих ғылымдарының докторы, профессор Артықбаев Жамбыл Омарұлы, ҚР Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Қуантайұлы Нұржан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кенжехан Матыжанұлы, филология ғылымдарының кандидаты Айман Зейнуллина, ақын, жазушы Сайлау Байболсынов қонақта болды. Қадірменді қонақтар музейдің жаңғыртылған жаңа экспозиция залдарымен танысып, қазақ халқының зұлмат жылдары жайында тарихи-танымдық экскурсияны тыңдады.
Сонымен қатар, қонақтарымыз “Тағзым” залында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың рухына құран бағыштап, тағзым етті. Қонақтарымыз өз тараптарынан музей экспозициясына қатысты ұсыныстар білдіріп, пікір алмасты.
Қадірменді қонақтарымызға ерекше сый құрмет көрсетіліп, 10 томдық “Ақ жол” кітабы сыйға тартылды. Экскурсия соңында музейдің қызметін жоғары бағалап, музейге келушілердің пікір кітабына ыстық лебіздерін білдіріп, естелік жазба қалдырды.