"Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі" МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының

Бүгін, 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай, музей ұжымы мекемеде көп жылдар бойы қызмет атқарған, музей жұмысының негізін қалауда аянбай еңбек еткен зейнеткерлері - Бейсова Дариға Жарқынбайқызы мен Айтбаева Баян Қасымқызын арнайы құттықтады!Зейнеткерлеріміз құттықтап барған музейдің жас мамандарына өздерінің іс-тәжірибесіндегі ақыл-кеңестерін айтып, ақ батасын берді!