Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің ұжымы, жалпы музей қызметін жинақтауда, тарихи-мәдени мұраны насихаттау, туристтик тартымдылықты арттыру, келушілерді тарту, білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнату және т.б.мәселелерді қарастырып, әдістемелік көмек алу және тәжірибе алмасу мақсатында Тараз қаласындағы "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейіне іс-сапармен барып барды.
Сапар барысында, музей ұжымы республикалық қорық-музейдің қарамағындағы тарихи-мәдени мұра нысандары:
"Айша бибі","Бабажа қатын","Қарахан" кесенелерімен, "Көне Тараз" археологиялық саябақ кешенімен танысты.